Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ТУРНИР ӨТТІ

Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан  республикалық турнир болып өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов пен ҚР Президентінің баспасөз-хатшысы Берік Уәли қатысып, жарысқа қатысушыларды Ата Заң мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. «Астана-Арена» стадионында өткен жарысқа еліміз бойынша 32  команда қатысты. Тартысты өткен додада бас жүлдені  ақтық сында қарсыластары "Qazsport " командасын 5-1 есебімен ұтқан «Хабар» арнасы жеңімпаз атанып, 1,5 млн теңгені қанжығаға байлады. Екінші орын алған "Qazsport" 700 мың теңге, ал үшінш орын алған  «Хабар24» командасына 300 мың теңге бұйырды. Сонымен қатар, «үздік қақпашы», «үздік шабуылшы», «үздік қорғаушы», «үздік сұрмерген» және «үздік ойыншы» аталымдары бойынша дараланғандар 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жалпы жарыстың жүлде қоры- 3 500 000тг болды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала