Валюта бағамы
USD - 382.56
EUR - 426.48
RUB - 5.84

САН-ФРАНЦИСКО ҚАЛАСЫНДА АҚШ-ТА ТҰРАТЫН ОТАНДАСТАРМЕН БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

Көріністер: 39
Ad

Бұл шараны отандастармен жұмыс бойынша оператор «Отандастар Қоры» КЕАҚ пен ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған. Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бизнес форум Қордың шет елде тұратын отандастармен байланысты жақсару және нығайту бойынша бағдарламасының бір бөлігі. Шараның басты мақсаты АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату болды.

«Отандастар қоры» КЕАҚ Президентінің кеңесшісі Болат Дидар іс-шара барысында Қор қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ шетелдегі диаспорамен жұмыс істеу жөніндегі қордың негізгі жобаларының бірі - қазақ мәдени іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтардың әлем бойынша желісін құру жөніндегі жоспармен таныстырды.

Орталық кеңсесі Қазақстан астанасында орналасқан Қазақ мәдени-іскерлік үйінің ресми өкілі - тұратын елінде азаматтығы бар этникалық қазақтар болатын іскерлік үйлері мен мәдени орталықтар желісін құрады. Олар қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің, ұлттық брендтердің, тілдің таратушысы болады, сондай-ақ қазақстандық экспортты, өнімдерді таратуға жәрдемдеседі, нақты бизнес-келісімшарттар жасауға қатысады, серіктестерді, қызықты бизнес идеялар мен инновациялық стартаптарды іздейді. Бұл қағида Израиль, Армения және т.б. сияқты бірқатар алдыңғы қатарлы елдердің мәдениетін ілгерілету мен бизнес байланыстарын дамытуда нақты нәтиже бергендіктен кеңінен қолданылады. Себебі тұратын елдерінде сұраныс әрі ұсыныспен дәлелденген қажеттіліктерді жақсы білетін диаспора өкілдерінің білігі мен Қазақстандағы бизнесті мемлекеттік қолдауды дұрыс пайдалану бизнес байланысты дамыту үшін таптырмас алаң.

Бизнес-форум барысында қатысушылар өзара іс-қимылдың, бизнес-бастамаларды ынталандыру мен стартаптарды қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Америкалық нарық бизнесінің бағытын, атап айтқанда инновациялық технологиялармен және ІТ стартаптарымен байланысты жобалардың үлкен шоғырымен, сонымен қатар Қазақстаннан шыққан дарындылардың Apple и Google тәрізді алдыңғы қатарлы компаниялардағы жұмысын есепке ала отырып, Қордың инновацияны қолдау мен стартаптарды тарту бойынша жұмысы, оның ішінде мемлекеттік мекемелермен, мемлекеттік емес қаржыландыру қорларымен және стартаптарды дамытумен серіктестік тетіктері таныстырылған  негізгі басымдық ІТ саласына берілді.

Бизнес-форумға:

Бизнес-форумның модераторы болған «Smart Advisory» ЖШС басқарушы серіктесі, «QazAngels» венчурлық қор директоры Руслан Рақымбай;

«ABC-I2BF Seed Fund» инновациялық стартаптарды жетілдіру бойынша венчурлық қор басшысы Әнуар Сейфуллин;

«Happycake Global» компаниясының негізін қалаушы және директоры Асхат Солтанов қатысты.

Форум жұмысына 100-ден астам адам қатысты. Оларға өздерін қызықтыратын стартаптар, бизнес-бастамалар, қолда бар жобалар туралы айтып, спикерлерге сұрақтар қойып, бизнес жоспарлар мен бастамаларды Қазақстанмен қатар халықаралық нарықта дамытуды талқылауға мүмкіндік берілді.

Форум соңында «Отандастар қоры» КЕАҚ Президентінің кеңесшісі Болат Дидар АҚШ-та тұратын отандастарды Қордың қазақ үйінің іскерлік үйі мен мәдени орталығы өкілдерін анықтауына белсенді қатысуға, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды ағымдағы жылдың қарашасында Түркістан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды.

Бұдан басқа, Қор ұсыныстарға ашық және тұратын жеріне қарамастан барлық отандастармен "байланыста" екенін, ол үшін барлық өзекті мәселе бойынша кеңес беретін және ақпараттық қолдау көрсететін отандастар мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арнайы құрылғанын атап өтті.

АҚШ-тағы бизнес-форум, маусым және шілде айында Мюнхен мен Стамбұл қаласында өткен форумнан кейінгі үшінші бизнес-форум. Әр елде тұратын отандастармен осындай 8 кездесу (ГФР, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Түркия және Ресей) жоспарланған, келесі Бизнес-форумдар 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Пекин қаласы (ҚХР), 10-12 қыркүйегінде Ташкент қаласы (Өзбекстан), 12-14 қыркүйегінде Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтеді.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала