Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БЕКЗАТ ЖҮСІП  "МАҢҒЫСТАУ" ТЕЛЕАРНАСЫН БАСҚАРАДЫ

Белгілі журналист, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Бекзат Жүсіп бүгін "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" төрайымының бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали мен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев таныстырды. Жүсіп Бекзат Бақбергенұлы 1989 жылы Маңғыстау облысы Ұштаған ауылында дүниеге келген.  Маңғыстау облыстық политехникалық колледжінде оқып жүрген кезінен-ақ «Қазақстан» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан Ақтау» телеарнасында еңбек ете бастаған. Бастапқыда тілші кейін  жаңалықтар жүргізушісі болады. 2007 жылы Маңғыстау облысы әкімінің грантына ие болып, Алматыдағы ҚазҰУ журналистика факультетіне оқуға түседі. Білім алып жүріп те «Алматы», кейін «КТК»  телеарнасында журналистік жұмысын жалғастырады. 2012 жылы «Хабар» телеарнасына ауысып, арнаның кешкі жаңалықтарын жүргізіп, қалың бұқараға етене танылады. Одан соң ұзамай Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды. ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Шығыс Англия университетінде (Ұлыбритания, Норвич) магистратура оқып, бітірді. Отандық медиа саласын жетік білетіні бар, шетелден алған білімі бар өңір арнасының өрісін кеңейтіп, жаңа деңгейге шығарарына сенеміз.  

 

Суреттер Құрманбек Жұмағалидің парақшасынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала