Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Президент Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

Қазақстан Президенті Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады деп хабарлайды Ақорда сайты. Ондағы ақпарға қарағанда, кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұйымның қазіргі жұмыстарының негізгі бағыттары, соның ішінде биыл қазан айында Бакуде өтетін Түрік Кеңесінің саммитіне дайындық барысы туралы баяндалған. Өз кезегінде 
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға маңызды үлес қосып келе жатқан Кеңес аясындағы өзара ықпалдастыққа Қазақстанның дәстүрлі түрде зор мән беретінін атап өткен.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала