Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІКМЕНСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде аталған ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұловтың Орталық Азия СІМ басшылары мен АҚШ өкілінің «С5+1» форматындағы кездесуіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөз өтті.

Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған дерек бойынша, кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Өзара сауданы арттыру перспективалары, сондай-ақ транзиттік-көлік және энергетика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері нақты қаралды. Оған қоса жоғары деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

Қазақстан СІМ басшысы түрікмен әріптесін 2019 жылы 12 тамызда Түрікменбашы қаласында өткен алғашқы Каспий экономикалық форумының табысты өтуімен құттықтады. Форум өткен жылдың 12 тамызында Ақтаудағы Каспий маңы мемлекеттері басшыларының 5-ші саммитінің маңызды қорытындыларының тағы бір дәлелі болды, оның барысында Каспий өңірі мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың жаңа бетін ашқан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы тарихи Конвенцияға қол қойылды.

Өз кезегінде Р. Мередов қазақстандық әріптесін «С5+1» форматындағы кездесудің сәтті өтуімен құттықтап, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті.

 

Суреттер http://mfa.gov.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала