Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

HPAIR ASIA CONFERENCE 2019 ЕЛОРДАДА ӨТТІ

Көптеген салалар бойынша жалпы жаһанда болып жатқан соны өзгерістерді әлемнің майталман мамандары бес күн бойы Нұр-Сұлтан қаласында талқыға салды. Ал 40-тан астам елден  келген 500-ден астам делегат жиын көркіне айналды. Назарбаев Университетінде өткен The Harvard College Project for Asian and International Relations 2019 Asia Conference (HPAIR 2019 Asia Conference) халықаралық конференциясы бүгін жұмысын аяқтады.  

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, HPAIR Asia Conference 2019 Конференциясы – бес күндік халықаралық жастар конференциясы, 1991 жылдан бастап Азияның ірі қалаларында (12 түрлі елде 43 конференция) өткізіліп келген. Ал маңызды конференция жалпы Орталық Азияда тұңғыш рет өткізілді. Конференцияны Гарвард университетінің Өнер және ғылым факультеті жанындағы коммерциялық емес HPAIR ұйымы Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Алқалы жиынның  мақсаты — Азия алдында тұрған ең маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылау және зерттеу үшін студенттер мен жас мамандар арасында тәжірибе алмасу үшін пікірталас платформасын құру.

Конференцияның биылғы жылғы тақырыбы – «Passion for change» («Өзгерістерге құмарлық»), оның аясында алты бағыт бойынша әртүрлі пікірталастар мен талқылаулар өтті: жаһандық нарық және экономика; өнер, БАҚ және мәдениет; әлеуметтік саясат және әлеуметтік әділеттілік; энергетикалық және экологиялық тұрақтылық; мемлекеттік басқару және геосаясат; ғылым және технологиялар.

 

 

 

 

 

Конференция спикерлері арасында – халықаралық компаниялардың басшылары, белгілі инфлюенсерлер, түрлі салалардағы қоғам қайраткерлері, соның ішінде UNICEF Корея президенті, доктор Сонг Сан Хен, Үндістанның бұрынғы сыртқы істер министрі Нирупама Рао, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка үшін жаһандық нарықтар бойынша Standard Chartered Bank бұрынғы басшысы – Дэниэл Ацци, әлемдік Нобель сыйлығының иегері – Рае Квон Чунг, McKinsey & Company аға серіктесі және McKinsey Дүниежүзілік институтының директоры – Джонатан Вотцель, World Bank Group бас техникалық директоры – Лесли Го, Сингапурде негізделген оңтүстік-шығыс Азияның Bain & Company серіктесі – Тилл Вестринг, Халықаралық валюта қорының Азия-Тынық мұхиты өңіріне арналған өңірлік бөлімшесінің директоры – Чикахиса Суми, Индонезияның бұрынғы Қаржы министрі және Индонезияның инфрақұрылым институтының төрағасы – Чатиб Басри, Вашингтондағы CN және Нью-Йорктегі ABC News, Ыстамбұлдағы Channel News Asia және Берлиндегі Deutsche Welle TV сияқты жаңалықтар ұйымдарында жұмыс істеген тележүргізуші, кәсіби модератор әрі журналист Али Аслан және басқалар болды.

Конференцияға қатысушылар арнайы дайындалған ойын-сауық кештері мен ауқымды кейс-чемпионаттарға да қатысты. Бағдарлама аясында  халықаралық түн (I-Night) және мәдениет пен дәстүр карнавалы (I-Carnival) өткізілді. I-Night – бұл халықаралық мәдениет мерекесі, онда түрлі елдерден келген делегаттардың бірегей музыкалық, театрлық және би көріністері көрсетіледі. I-Carnival – халықаралық жәрмеңке форматында өтетін дәстүрлі HPAIR іс-шарасы, онда келушілер дәстүрлі тағамдардың дәмін татып, конференция делегаттары ұсынған ұлттық кәдесыйларды сатып ала алады. I-Night және I-Carnival әлемнің түрлі халықтарының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете отырып, әлемнің мәдени әртүрлілігін білдіреді.   

Конференция аясында өтетін дәстүрлі мәдени мерекелерден басқа HPAIR Asia Conference 2019 ұйымдастыру комитеті Kazakhstan Night іс-шарасын өткізіп, қонақтарға қазақ мәдениетін дәстүрі мен тарихын, музыкасын таныстырды.

Impact Challenge форматындағы кейс-чемпионат байқауы конференция қатысушыларына түрлі облыстардан, әлеуметтік саясат пен индустриядан алынған тәжірибелік кейстер, бизнес пен халықаралық қатынастарға дейінгі мәселелерді шеше отырып халықаралық компаниялар мен ұйымдардың экожүйесіне енуге мүмкіндік берді. Қатысушылар осы іс-шара барысында бай және баға жетпес өз идеялары мен тәжірибелерін біріктіре отырып өзара байланыс және брейншторминг тәжірибесімен алмасуға бірегей мүмкіндік болып табылады. «Impact Challenge» ерекшелігі – бұл ұсынылған кейстер Орта Азия, ТМД және әлем елдері өңірлері алдында тұрған нақты проблемалар мен сын-қатерлерге байланысты болады. Осылайша, “Impact Challenge” – бұл жастар көзімен жаһандық деңгейде әлеуетті және стандартты емес шешімдерді табудың мүмкіндігі.

Осы беделді халықаралық конференцияны Қазақстанда өткізу жөніндегі студенттердің бастамасын қолдаған HPAIR Asia Conference 2019 демеушілері “Қазмырыш” ЖШС, Eurasian Resources Group (ERG), Chevron және Microsoft сияқты ұйымдар болды.

Ал ақпарттық демеушілер арасында ULYS ақпараттық журналы мен ulys.kz сайты  болғанын мақтанышпен айта кетуіміз керек.   

 

Суреттердің біразы https://nu.edu.kz/kk/ сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала