Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАНҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛЕДІ

АҚШ Мемлекеттік хатшысының cаяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл Қазақстан мен Өзбекстанға іс-сапармен келеді. Бұл туралы usembassy.gov сайтында ақпарат шықты.  

Хабарламаға қарағанда, АҚШ Мемлекеттік хатшысының cаяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамызда Қазақстан мен Өзбекстанға төрткүндік ресми сапармен келеді.

«Мемлекеттік хатшының орынбасары Хейл Нұр-Сұлтанда жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, АҚШ-Қазақстанның екіжақты стратегиялық серіктестігі мен жаһандық мәселелер бойынша тұрақты ынтымақтастығымызды талқылайды.  Нұр-Сұлтанда Мемлекет хатшысының орынбасары Хейл және Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері С5 + 1 форматында жоғары деңгейдегі кездесу өткізеді, онда олар өзара байланыстырылған, өркендеген және қауіпсіз Орталық Азияны қалыптастыруда бірлесе атқарылатын жұмысты талқылайды.

Содан кейін, Хатшының орынбасары Хейл Ташкентке барады, онда ол Өзбекстан үкіметінің жоғары лауазымды қызметкерлерімен кездеседі және Өзбекстан президенті Мирзиёевтің реформалар бағдарламасын америкалық тараптан қолдау тапқанын көрсетеді және қауіпсіздік, білім және сауда сияқты екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына терең тоқталады» деп жазылған сайтта жарияланған ақпаратта. 

photo:turan.az

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала