Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ПРЕЗИДЕНТ ҚАТЫСАДЫ

Биыл Білім және ғылым министрлігінің дәстүрлі Тамыз конференциясы Нұр-Сұлтан қаласында 16 тамыз күні өтеді. Тәуелсіздік сарайында өтетін ауқымды шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысатыны мәлім болды. 

Білім және ғылым министрінің БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан фейсбук парақшасына «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2019 жылғы 16 тамыз күні Тамыз конференциясының пленарлық отырысын өткізеді. Конференция шеңберінде білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылып, педагогтарды марапаттау рәсімі болады» деп жазды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала