Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

МЕКЕНЖАЙҒА ТІРКЕУ КЕЗЕГІ ЕКІ ЖАРЫМ ЕСЕ АЗАЙДЫ

Халыққа Қызмет көрсету Орталықтарында мекенжайға тіркеу кезегі екі жарым есе азайған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалы өкілдері хабарлады.

 

ҚР ІІМ мен «Азаматтарға арналған үкіметтің» Нұр-Сұлтан, Алматы және  Шымкент қалаларындағы ХҚО-да азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуін жүргізу үшін бірлесіп жүзеге асырып жатқан пилоттық жобасы өз жемісін бере бастады. Мегаполистердегі мекенжай бойынша тіркеуді миграция қызметкерлерімен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары шілдеден бері бірлесіп жүргізіп келеді.  

Баспасөз хабарламасына сай, пилоттық жоба шеңберінде ең алдымен елорданың Алматы ауданында орналасқан ең ірі халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қызмет алушыларға мекенжай бойынша тіркеуге тұру және тіркеуден шығу мемлекеттік қызметтерін көрсете бастады. Аталған қызмет бойынша ХҚО-дағы кезек күтушілер саны 2,5 есе азайған.

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтарында «құжаттау» қызметтерін миграциялық полицияның әдетте 1-3 маманы көрсетеді. Қызметкерлердің аздығы жеке басты куәландыру, тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметтерін алушылардың көп жағдайда кезекте ұзақ тұруына алып келіп, наразылықтарын тудыратын. Енді оларға ХҚО-ның тағы 2-3 операторы жүктемені азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалы таратқан хабарламада «Болашақта бұл жоба еліміздің өзге облыс орталықтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын да қамтиды деп жоспарланған. Ескере кетейік, мекенжай тіркеуіне тұрғылықты тұру қызметін онлайн түрде egov.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады» деп жазылған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала