Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПРЕЗИДЕНТ БЕЛГІЛІ АРХЕОЛОГ ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі археолог Зейнолла Самашевты қабылдады.

 

akorda.kz сайтына шыққан ақпратқа қарағнад кездесу барысында мемлекет басшысына Қазақстан ғылымының кейбір мәселелері, соның ішінде соңғы жылдары ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар, археологиялық зерттеулер, мамандар даярлау жұмысы жөнінде мәлімет берілген. Президенттің интернет ресурсында «сонымен қатар, Зейнолла Самашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысындағы сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын қоныстардағы қазба жұмыстары, Берел қорғанындағы археологиялық зерттеулердің қорытындысы және шетелдік ғалымдармен әріптестік туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің маңыздылығына тоқталып, соңғы жылдары отандық археология саласында белгілі болған тың деректерді Қазақстанның ежелгі, ортағасырдағы тарихының жылнамасына енгізу қажеттілігін атап өтті» деп жазылған.  

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала