Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ЖАҢА ЭЛИТА ҚАЛАЙ ЖАСАҚТАЛАДЫ?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның білікті жастарынан  құралған жаңа элита жасақтау жайын сайлауалды «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталатын  бағдарламасында айтқан болатын. Ол үшін дарынды жастарды қолдайтын Президенттік кадрлық резерв құрылатынын да мәлімдеген еді. «Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жаңа дарынды басқарушыларды қолдау үшін Президенттік кадрлық резерв құрылады. Біздің жастар - өте дарынды әрі креативті, мақсатқа ұмтылып тұрады. Сол себепті, Қазақстанның болашағы сенімді қолда деп айта аламын», - деген болатын мемлекет басшысы. Болашақта Қазақстанның басқарушы элитасы құрамына әзірше 300 жас маманды іріктеп алу жоспарланған.   

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі Президенттің кадрлық резервіне іріктеудің қыркүйек айының бірінен басталатынын жариялады. Өздерінің бақтарын сынап көргісі келетін жастарға арнап резервке өткісі келетіндерге қойылатын талаптарды төменде толық жариялап отырмыз.  

 

Президенттік кадр резерві алдағы реформалардың локомотиві болатын жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифтті құру мақсатында қалыптастырылады.

Жасы 35-тен астам емес, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы іріктеуге қатыса алады.

Бұл ретте Президент тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер іріктеуге қатыспайды.

Азаматтар Президенттік кадр резервіне 3-жылдық мерзімге алынады. Осы кезеңнің ішінде тиісті бос орын болған жағдайда адам саяси немесе жоғары басқарушы әкімшілік лауазымына, ұлттық басқарушы холдингтердің немесе компаниялардың жоғары басқарушы лауазымына тағайындалуы мүмкін.

Президенттік резервтен тағайындауды көздейтін лауазымдар қызметтің бағыттарын ескеруімен топтастырылған:

лауазымдардың салалық тобы:

(министрлер, олардың орынбасарлары,

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;

орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

ұлттық басқарушы холдингтердің басқармаларының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың төрағалары және мүшелері);

Салалық лауазымдардың тобы қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:

экономикалық саясат және мемлекеттік жоспарлау;

әлеуметтік саясат;

инфрақұрылымды және резервті дамыту;

сыртқы саясат;

құқықтық саясат пен қауіпсіздік;

өңірлік лауазымдардың тобы:

(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;

облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері);

әкімшілік лауазымдардың тобы:

(орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;

орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары;

жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары).

Лауазымдар тобын тандау алдағы кандидат жобасының тақырыбын айқындайды, сондай-ақ Президенттік резервке алынған жағдайда лауазымға тағанйындау кезінде ескеріледі.

 

Президенттік резервке кандидат бірқатар кезеңдерден өтеді.

 

Бірінші. Қатысу үшін құжаттарды тапсыру

Құжаттарды тапсыру рәсімі автоматтандырылған.

Ұсынылған мәліметтің және құжаттардың шынайлығы іріктеудің әрбір кезеңінде тексеріледі.

 

Екінші. Кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеуден өту

Тестілеуден өту рәсімі автоматтандырылған, онлайн-режимінде өткізіледі.

Тестілік тапсырмалар кандидаттың теориялық тайындығын, талдамалық  және сын тұрғысынан ойлау деңгейін анықтауға бағытталған.

Іріктеудің келесі кезеңіне жіберілетін ең жоғары нәтижелерді көрсеткен кандидаттардың саның Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссиясы айқындайды.

 

Үшінші. Берілген тақырыпқа эссе жазу

Эссе жазу рәсімі автоматтандырылған, онлайн режимінде өткізіледі.

Эссе жазу барысында кандидаттардың сауаттылығы, қисындылығы және дәлелділігі, түйіндердің негiздiлiгi, ұсыныстары бағаланады.

Эссе жазу уақыты мен көлемі шектеулі.

 

Төртінші.  Салалық комиссиялардың алдынада жобаны ұсыну

Жобаның тақырыбы іріктеуге қатысу үшін құжат тапсырғанда кандидат таңдаған лауазымдар тобына сәйкес келуі қажет.

Кезең жобалардың бейнепрезентациясы форматында өткізіледі.

Жоба тиісті салаға қатысты өзекті мәселені, оны шешу бойынша ұсыныстарды, тәсілдердің негіздемелерін қамту қажет.

 

Бесінші. Құндылықтарды, мотивацияны және құзыреттерді бағалауды өту

Бұл кезең кандидаттардың жеке құндылықтарын, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мотивациясының деңгейін, сондай-ақ басқарушылық құзыреттерін айқындауға бағытталған. 

Бағалауды сарапшылар өткізеді.

 

Алтыншы. Сараптамалық комиссияда әңгімелесуден өту

Комиссия Президент Әкімшілігінің бейіндік бөлімдері меңгерушілерінің қатысуымен Президент Әкімшілігінің Басшысы Орынбасырының төрағалығымен қалыптастырылады.

Сараптамалық комиссия отырысының нәтижелері бойынша Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған барынша даярланған кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

 

Жетінші. Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту

Ұлттық комиссиияда Президент Әкімшілігінің Басшысы төрағалық етеді.

Комиссияның отырысы нәтижесінде кандидаттарды Президенттік резервіне алу шешімі қабылданады.

 

Резервтегі адамдарды лауазымға тағайындаудан бұрын оларды оқыту көзделеді.

Оқу шеңберінде аталған адамдар халықпен жұмыс істеуге, халықтың алдында сөйлеуге, белгісіздік жағдайда жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді ұлғайту мақсатында мемлекеттік органдарда және ұйымдарда тағылымдамадан өтеді.

photo: mfa.gov.kz

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала