Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТҮРКІ САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ХАТШЫЛЫҒЫ АШЫЛДЫ


Ыстамбұлда Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасының тұрақты хатшылығы ресми түрде ашылды. Сонымен қатар, Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы Бағдад Әміреевтің төрағылығымен жаңа ұйым Бас Ассамблеясының алғашқы отырысы өтті.

Түркі Кеңесі мәліметтеріне қарағанда, салтанатты шараға Түркияның Сауда министрі Рухсар Пеккан, Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы Бағдад Әміреев, Түркия республикасы сауда палатасы және тауар биржасы одағының президенті Мустафа Рифат Хисарджыклыоглу, Әзербайжанның кәсіпкерлер ұйымы ұлттық  конфедерациясының  басшысы Мамед Мусаев, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Қырғызстан сауда палатасы Президенті  Марат Шаршекеев, Өзбекстан Респубуликасының сауда палатасы президентінің кеңесшісі Фозил Отаджонов, сонымен қатар Түркі Кеңесіне мүше елдер мен Өзбекстанның  іскер қауымдастығы өкілдері қатысқан.

Бас Ассамблея отырысында Түркі Сауда-Өнеркәсіп Палатасының алғашқы президенті болып Түркия республикасы сауда палатасы және тауар биржасы одағының президені Мустафа Рифат Хисарджыклыоглу сайланса, Бас хатшысы болып Адем Кула сайланды.
Жиында Түркі Кеңесін мүше елдер президенттерінің VII саммиті осы жылдың 15-қазанында  Бакуде өтеді. Онда шағын және орта кәсіпкерлік мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын арттырудың аспектісі ретінде қарастырылады.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала