Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ЕРЖАН МАКСИМ «JUNIOR EUROVISION 2019» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАДЫ

Талантты әнші Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысады. Мұндай ақпаратты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

 

«Қымбатты достар! 
Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді.
"Хабар" Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтежиесінде, Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. 
Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. 
Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді»,— деп жазды министр постында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала