Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Руслан ЖАНҒАЗЫ: ҚҰЛТЕМІР МЕН ТЕМІРНАТОР

«Қазақ филологтарының білім деңгейі таяз, ал дүниетанымы тарлау. Бірен сараңы болмаса, әрине... Ренжімей-ақ қойсын маған. "Robot — Робот" сөзін "құлтемір" деп аудара салған ғой, ақымақтықпен. Айналайын-ау, қайдағы құл?!» Саясаттанушы өзінің көзқарасын фейсбук парақшасына осылай жазды.

Саясаттанушы өз ойын ары қалай былай сабақтайды: «Ғылымы қираған, әлем мойындаған бір де бір инновациясы жоқ сорлы Қазақ сол құлтемірге өзің құл боласың күндердің бір күнінде.

Ғаламдық ғылымның даму үрдістерінен хабарсыз ғой.

Skynet корпорациясының прототиптері қазірдің өзінде бірсыпырасы бар, ал оның СЕО қызметін AI, яғни "жасанды зерде" атқаратынын олар әлі білмейді.

Ол дегеніміз Робот денесі темірден болмайды, оның денесі мүлдем болмайды.

Қазақ филологтарының деңгейін өздері жасаған латын әліпбиінен де көруге болады.

Әлемдегі ең озық ғылыми әлеуеті бар мемлекет АҚШ әліпбиін емес, қайдағы бір серб-хорват тіліндегідей диакритикалық белгілерді ойсырата сала берген ғой.

Миының жеткен жері осы болу керек.

Өйткені шет тілдерін, соның ішінде ең басты ғылыми ақпарат тілін —ағылшын тілін, меңгермеген.

Біздің филологтарымыздың ғылыми рейтингке еніп, IF (импакт-факторы) жоғары жорналдарда жарияланған мақалалары жоқ.

Қазақ тіліне деген қызығушылық жоқ деп ақталады. Басқа тілдердің филологтары ғылыми жорналдарда орындарын ойып тұрып алатынымен шаруасы жоқ. Хабары жоқ өйткені.

Бізде мақтаншақтарды жақтыртпайды ғой. Алайда мен өз білімімнің арқасында қол жеткізген жетістігімен мақтанайын мүйізі қарағайдай филологтарымызға ұят болсын деп.

Саясаттанушы білімімен тіл саясатына қатысты блог-платформада жарияланған мақалаларыма Ресей ғылым академиясының басшылары ұялмай сілтеме жасайды.

Ал біздің филологтар мемлекет есебінен ешкім оқымайтын кітаптарын шығарып, соған мәз болады.

Орын алған келеңсіз жағдайдың бір ғана себебі болуы мүмкін — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жұмысына ешбір талап пен бақылау жоқ.

Қазақ тілінің дамуын ғылыми әдістемелік сүйемелдеу қызметін жөнді атқарып жүрген жоқ».

Руслан Жанғазы, саясаттанушы

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала