Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН «ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ» МЕКЕМЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. 

Аталған ұйымды бұған дейін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болған, саяси ғылымдар кандидаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Талғат Қалиев басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны тағайындау туралы арнайы Өкімге қол қойды. Жаңа басшысыны ұжымға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев таныстырды. Ол сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаевқа алғысын білдірді. Себебі, Орталық коммуникациялар қызметі бұған дейін Дәурен Әскербеұлы басқаратын министрліктің қарамағында болған еді. Бұның сыртында  Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұл өзгеріске қатысты фейсбуктегі парақашасында өз пікрін білдірді.

«Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Орталық коммуникациялар қызметі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басқаруына берілді. Ең алдымен, үш жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген ОКҚ қызметкерлеріне қайырылғым келеді. Құрметті әріптестер, сіздердің жігерлеріңіз бен ерен еңбектеріңіздің арқасында Орталықтың жұмысын айтарлықтай жаңғыртып, оның тиімділігі мен беделін журналистер, сарапшылар және қоғамдастық алдында арттыра алдық. Соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған жаңа баспасөз орталығының ашылуын ортақ үлкен жетістігіміз деп санаймын. Бұған дәлел, медиа-алаң Елбасының, Қазақстан Президентінің, ең бастысы БАҚ өкілдерінің жоғары бағасына ие болды. Тек 2019 жылдың өзінде осы жерде баспасөз мәслихаты, телекөпір, сарапшылардың пікір алмасуы, өңірлер мен шетелге тікелей байланысқа шығу сынды 127 шара ұйымдастырылды. Бұл жерде Қазақстанның екінші президентін сайлауға қатысты тарихи науқанның да нәтижесі жарияланған болатын» — деген Дәурен Абаев мемлекет басшысының шешім аталған мәселелерді ескере келе қабылданғанына тоқтала келе өзінің құттықтау лебізін білдірген.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала