Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АИДА БАЛАЕВА ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІСІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Соңғы жылдары елдегі рухани өзгерістердің басы-қасында жүрген тегеуірінді тұлғалардың бірі — Аида Ғалымқызы. 2014 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған ол көптеген ауқымды жобаларда қолтаңбасын қалдырды. Енді міне, мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ал 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары. 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы. 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2014 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.


Сурет www.inform.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала