Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АЛМАТЫ ӘКІМІ АҚШ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары Теодор Лингпен кездесіп,  инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективалары мәселелерін талқылады. Бұл туралы www.almaty.gov.kz сайтында жарияланды.

«Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады және Алматыда американдық капиталмен телекоммуникация, қаржы, сауда салаларында 181 кәсіпорынның жұмыс жасайтындығы айтылды. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 5 айында 9%-ға өскен.

Б.Сағынтаев Т.Лингке мегаполистің Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сай даму концепциясы туралы айтып берді және Алматы үшін ірі қалалардың қоғамдық қауіпсіздік пен жалпы қала кеңістігі жөніндегі оң тәжірибелерінің пайдалы екенін атап өтті.

Т.Линг Б.Сағынтаевқа ризашылығын жеткізді, Алматының екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті және инвестициялық, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді»,-деп жазылған сайттағы ақпаратта.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала