Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕКСТАНҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЖӨНЕЛТЕ БАСТАЙДЫ

 

Қазақстан электр энергиясының экспорттау үшін жаңа нарықтарға шыға бастайды. ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың маусым айының соңында көп жылдардан кейін алғашқы рет Қазақстан электр энергиясын Өзбекстанға экспорттай бастамақ.

 

Екі елдің уәкілетті ұйымдарының арасында жасалған шартқа сәйкес 2019 жылдың ішінде Өзбекстан энергия жүйесіне 1 млрд. квт/ сағ. астам электр энергиясы экспортталмақ. Баспасөз парақшасында сонымен қатар, «Өзбекстанға электр энергияның экспортын жүзеге асыру үшін маңызды шарттардың бірі ең алдымен Қазақстаннның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында аварияға қарсы автоматиканы баптау (жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасы - ЖААА) және технологиялық бұзушылық болған жағдайда өзбек тұтынушыларына шектеулер енгізу бойынша кешенді іс-шаралар көзделген.
Электр энергиясының экспорттық жеткізілімі басталды, және бүгінгі таңда (маусым айының соңынан бастап 17 шілде бойынша) Өзбекстанға 145 млн. квт/ сағ. электр энергиясы сатылған.
Қазақстанның электр энергиясының экспорттық жеткізілімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан электр станцияларын уақтылы жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту бойынша жүргізілген саясатының нәтижесінде алынған электр қуатының қолданыстағы профицитінің арқасында мүмкін болып отыр.
Екі ел арасындағы сауданы дамыту жөніндегі қадамдар тек электр энергетикасы саласындағы ғана емес, сонымен қатар болашақта басқа да экономика салаларында өзара тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін болады»-деп жазылған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала