Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТАҒЫ БІР ТАЛАНТЫМЫЗ «СЛАВЯН БАЗАРЫ-2019» XАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қазақстандық әнші - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада-өнер факультетінің 4 курс студенті Әділхан Макин Витебск қаласында «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ақжолтай хабарды Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.

 

«Бас Жүлде - бұл үлкен жеңіс. Төрт жыл бұрын осы жарыс сахнасында Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жанған еді. Ол кезде де Министрліктің қолдауымен аттанып, бас жүлдемен оралған болатын»,-деп жазды министр қуана.

 

«Ары қарай бағы қалай жанғанына өздеріңіз де куәсіздер, достар. Витебскте біздің министрліктің қолдауымен келген шығармашылық делегацияға бүгінгі күннің белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Барлығыңызды осындай айтулы жеңіспен құттықтаймын, әріптестер!

 

Әділxан Макин өз кезегінде тыңдармандарға тамаша қазақ ойшылы Абайдың 175 жылдығына орай бірегей флешмобты жалғастырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ұлы ақынның өлеңдерін оқыған флеш-моб Витебскте Әділxан Макин жалғастырды: Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін орындап, тыңдармандардың ду қол шапалағына бөленді!

 

Беларусия, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Қытай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения және Молдова... Біздің жігіт ең үздігі атанды! Бұл үлкен жетістікпен баршаңызды құттықтаймын! Бұл жеңіс - Әділхан Макиннің өнер жолында алғашқы қадамы - оның алдағы табыстары мен жеңістеріне апаратын қадам екеніне сенімдімін. Біз қолымыздан келгеннің барлығына көмектесеміз»,— деп жазды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өз парақшасына.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала