Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанатты шарасы өтті.

Аталған министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған дәстүрлі байқауға 118 автордан 246 материал келіп түскен.  Журналистер төрт номинация бойынша бақ сынаған. Ережеге сәйкес, ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.
Конкурсқа ұсынылған материалдарды елімізге белгілі журналистерден құралған арнай комиссия қарап, бағалап, жеңімпаздарды анықтады.  «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының бас жүлдесін «Егемен Қазақстан» газетінің журналисті Бекен Қайтұлы жеңіп алды. Жеңімпазға 1 000 000 теңгенің сертификаты табысталды. 

«Үздік мақала» номинациясы
І Идигов Атсалим Саламович «Огни Алатау» газеті, сертификат – 500 000 теңге;
ІІ Тәжіқұл Қалима Бұхарқызы «Айқын» газеті, сертификат – 350 000 теңге;
ІІІ Есенжол Азамат Есенжолұлы «Астана ақшамы» газеті, сертификат – 150 000 теңге.

 «Үздік радиобағдарлама» номинациясы
І Берік Бейсенұлы «Qamshy.kz», сертификат – 500 000 теңге;
ІІ Исаев Жәнібек Мырқыұлы «Kyzylorda-news», сертификат – 350 000 теңге;
ІІІ Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлы «Жайық Пресс», сертификат – 150 000 теңге.


«Үздік телебағдарлама» номинациясы
І Сарсенғалиев Нартай Аралбайұлы «Qazaqstan», сертификат – 500 000 теңге;
ІІ Исабай Әлімжан Сабыржанұлы «Qazaqstan», сертификат – 350 000 теңге;
ІІІ Тұрсынғазина Әсел Тұрсынғазықызы «Хабар», сертификат – 150 000 теңге.


«Үздік сайт мақаласы» номинациясы
І Мұхтарқұлова Гүлбану Алпамысқызы «Шалқар», сертификат – 500 000 теңге;
ІІ Джунисов Рустем Ержанович «Qazaq radiolary», сертификат – 350 000 теңге;
ІІІ Елімсарина Альмира Тілеуханқызы «Qazaq radiolary» ​сертификат – 150 000 теңге.


Сондай-ақ шара барысында 2019 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хаты табысталды. Алғыс хат алғандардың арасында ulys.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының Бас редакторы Ержан Қалымбайұлы да бар. Марапаттау кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала