Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ӨЗБЕКСТАН НАРЫҒЫНА ШЫҒАДЫ

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Өзбекстандық ірі супермаркеттер желісімен ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойды. Аталған шара бүгін Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан
арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының
18-ші отырысы шеңберінде жүзеге асты.
«KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «KazakhExport»
экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ «Makro» супермаркеттер желісінің меншік иесі
болып табылатын «DARVOZA SAVDO» ЖШҚ арадағы ынтымақтастық туралы келісімге
қол қойды.
«Makro» - Өзбекстандағы ірі супермаркеттер желісі - Өзбекстан нарығында 2010
жылдан бері жұмыс істейді. Оның ел аумағы бойынша 53 супермаркеті бар, 2019 жылдың
соңына дейін қосымша 9 сауда орны іске қосылады.
Қол жеткізілген келісімнің арқасында қазақстандық кәсіпкерлер үшін өз өнімдерін
толық көлемде Өзбекстан аумағында сатуға жол ашылады.
«Біз қазақстандық өндірушілерді ынтымақтастық жасауға шақырамыз. Өзбекстан
банктерімен және ірі сауда желісімен қол жеткізілген келісімдердің арқасында
қазақстандық өңделген өнім өндірушілер үшін Өзбекстан аумағындағы сауда желісі
қолжетімді болады. Біз өзбек серіктестерімен бірлесіп ұсынатын қолдау құралдары
Өзбекстан Республикасының перспективалық нарығына шығуды айтарлықтай
жеңілдетеді», - деп атап өтті «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ
Басқарма төрағасы Руслан Искаков.
Сонымен қатар, «KazakhExport» ЭСК» АҚ «Turonbank» АКБ, «Ипотека-банк»
АКИБ және «TengeBank» АКБ арадағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«KazakhExport» ЭСК» АҚ мен өзбек банктері бірлесіп Өзбекстан мен Қазақстан
кәсіпкерлеріне 70 млн. АҚШ доллары шамасында қаржылық қолдау көрсетуге
уағдаласты.


Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстаннан Өзбекстанға шикізаттық емес
экспортты дамытуға мүмкіндік береді және қазақстандық өнімді импорттаушылар үшін
Өзбекстандағы арзан несие ресурстарын қолжетімді етеді.
2018 жылы KazakhExport Өзбекстанға кондитерлік өнімдерді, сірне, ІҚМ етін және
құрылыс материалдарын жеткізу бойынша 6 қазақстандық экспорттаушының
келісімшарттарына қолдау көрсетті. 2019 жылдың 5 айы ішінде аталған өнімдерден басқа,
Өзбекстанға күнбағыс майын, полимерлік өнімдерді, минералды мақта, кокс жеткізу
бойынша KazakhExport ұсынатын қолдау бағдарламасын 8 қазақстандық кәсіпорын
пайдаланды. 2019 жылғы келісімшарттардың сомасы 3 млрд. теңгеден асты.
Қазіргі уақытта KazakhExport Өзбекстан банктерінің қатысуымен 6 млрд.теңгеден
астам сомаға екі елдің кәсіпкерлері арасындағы перспективалық келісімшарттарды жүзеге
асыру жұмысы жүргізілуде.
KazakhExport Өзбекстанда
Ташкентте KazakhExport шетелдік өкілдігі жұмыс істейді. Оның міндеті - Өзбекстан мен
Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен байланыс орнату, сондай-ақ екі елдің шикізаттық
емес секторындағы кәсіпкерлерді және қаржы құрылымдарын бизнесті қолдау құралдары
мен дамыту перспективалары туралы ақпараттандыру.
Өзбекстан банктерімен ынтымақтастық
2019 жылдың наурыз айынан бастап Өзбекстанға жеткізу үшін Қазақстаннан өнім сатып
алатын Өзбекстан бизнесмендерін қаржыландыру және қазақстандық өндірушілерді
сақтандыру саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағытталған KazakhExport және
«Алока Банк» АҚ мен «Кишлок Курилиш Банк» АҚ арасындағы стратегиялық серіктестік
туралы келісім әрекет етеді.

Өзбекстанға экспорттау
KazakhExport өзбек банктерінің қолдауымен экспорттық саудалық қаржыландыру аясында
крахмал сірнесін, кондитерлік өнімдерді, полимерлік өнімдерді, сондай-ақ Қазақстанда
өндірілген құрылыс материалдарын Өзбекстан Республикасына жеткізу бойынша
қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетті.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала