Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«ЕРТҰҒРЫЛДЫҢ» РЕЖИССЕРІ ҚАСЫМ ХАН ТУРАЛЫ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРЕДІ

Қазақ тарихына алтын әріппен жазылған тарихи есімдердің бірі—Қасым хан туралы телехикая түсіріледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі баспасөз қызметі ақпарат таратты.  

Баспасөз мәлімдемесіне сай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Отырар ауданында арнайы іс–сапармен болған. Сапар барысында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркияның қоюшы-режиссері Метин Гюнеймен кездесіп, Отырар қалашығын таныстырды. Метин Гюнейдің режиссерлығымен «Қазақфильм» киностудиясы Қасым Ханның тұлға ретінде қалыптасуы және Қазақ хандығының өркендеуі мен нығаюы үшін күресі туралы баяндалатын телехикая түсіру жоспарланып және оны түсіру Отырар қалашығынан бастау алатындығы белгілі болды.

«Ертұғрыл» ірі кино жобасының режиссеры Метин Гюней: - "Біріншіден ата топырағымызға келгеніме қуаныштымын. Осы өлкені маған танытқан, көрсеткен министр Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысымды білдіремін. Біздің ортақ тарихымыз бар. Қасымхан деген тарихи тұлғаның өмірі жайында өзінің ата жерінде түсірілім бастауды қолға алып жатырмыз. Сол үшін дәл қазір біздің түсірілімге ыңғайлы орындармен танысудамыз. Үлкен іс жасауды жоспарлағандықтан шынайы, тарихи жерлерді қарастырып жатырмыз. Біз осы орынға келіп көріп жатырмыз, тағы үш жер бар. Хикаямызда көп тарихи қалалар бар, әлбетте осы тарихи орында да түсіруіміз мүмкін",- деді  ол журналистерге берген сұхбатында.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  Метин мырзаға алғыс айта отырып, Елбасымыздың арнайы шақыртуымен Метин мырзамен бір жылдың ішінде көптеген жұмыстар жасалғанын айтып, Қасым хан туралы телехикаяның сценарийі жазылып, дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде: "Біздің мақсатымыз — өнердің барлық саласындағы жұмыстарды бір жүйеге келтіру. Осы ірі жобалардың арқасында көне қалаларымыз Отырар, Сауран, Сарайшықтарды дүниежүзіне паш ететін боламыз. Осындай ірі жобалармен қатар тарихи орындарға реставрациялық жұмыстар жүргізіледі. Біз үшін бұл кино жобасы өте күрделі әрі жауапты жоба болғандықтан, жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің ең басты мақсатымыз тарихымызды әлемге танытып, шетелдік туристтерді елімізге тартуымыз керек" – деді.

Сонымен қатар, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Отырартөбеде жүргізіліп жатқан «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің жұмыстарымен танысып, көне Отырар келбетін қалпына келтіру мақсатында бірнеше тапсырмалар берді.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала