Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ!

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірнеше тағайындаулар болды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалса, Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Бұл екі азамат жас болғанына қарамастан, іскерлігімен ерте көзге түскен жандар.

 

Жарлық akorda.kz сайтына шықты. Көлгінов Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулыкүштерінде қызмететкен. 2001-2008 жылдары ҚР Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызметістері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарады. 2008-2010 жылдары - «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметін де болды. 2016 жылдың 26 наурызынан күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Ал  жаңа Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат болса Қарағанды өңірінің тумасы. Түрлі басшылық қызметтерде жемісті еңбек етті. Соңғы жұмыс орны — Қарағанды облысы әкімнің орынбасары.   

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала