Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ?

Мәжіліс депутаттарының белсенділігін анықтаудың бірнеше жолдары бар. Солардың бірі  жолданған депутаттық сауалдар. Халық қалаулыларының белсенділігін анықтау мақсатында біз www.parlam.kz сайтындағы депутаттық сауалдарға сандық талдау әдісін қолданып сараптама жасадық. Сараптамамызда 2019 жылдың бір айын яғни мамыр айында ғана жолданған депутаттық сауалдарды алдық.

Ресми ақпаратқа сәйкес, халық қалаулылары 2019 жылдың мамыр айында 20 депутаттық сауал жолдаған. Мәжілістегі депутаттық фракция бойынша бөлініске сәйкес депутаттық сауалдың басым көпшілігін «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары жолдаған. Жалпы саны – 9 сауал. Келесі көрсеткішті тиісінше «Ақ жол» партиясы (4) мен «Халықтық коммунистер» фракциялары (2) көрсетіп отыр. Ал Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар 1 депутаттық сауал жолдаған. Сондай-ақ депутаттық сауалдар фракциялардың депуттарының бірлесу формасымен де жолданғанын атап өткен жөн. Мұндай формада жолданған депутаттық сауалдар мынадай көрсеткішке ие: «Nur Otan»+ «Халықтық коммунистер» - 3, Қазақстан Халқы Ассамблеясы+«Nur Otan»+ «Халықтық коммунистер» - 1.

Халық қалаулыларының  депутаттық сауалдарын жолдау тіліне қатысты да бөлініске салып сараптама жасауға болады. Тілдік бөлініске сәйкес депутаттық сауалдардың мемлекеттік тілде – 8, қос тілде – 2 және орыс тілінде – 10 жолданған. Ал мәжілістегі депутаттық фракция бойынша тілдік бөлініс келесі көрсеткішті көрсетті:

  • «Nur Otan»  мемлекеттік тілде – 6, орыс тілінде – 1 және қос тілде – 2;
  • «Ақ жол» мемлекеттік тілде – 0 , орыс тілінде – 4;
  • «Халықтық коммунистер» мемлекеттік тілде – 0, орыс тілінде – 2;
  • «Nur Otan»+ «Халықтық коммунистер» мемлекеттік тілде – 0 ; орыс тілінде – 3;
  • Қазақстан Халқы Ассамблеясы + «Nur Otan» + «Халықтық коммунистер» мемлекеттік тілде – 0, орыс тілінде  - 1.

Сонымен біз мәжілістегі халық қалаулыларының депутаттық сауал жолдаудағы белсенділігіне сараптама жасадық. Уақыттық кезең ретінде бір ай ғана алынғандықтан халық қалаулыларының белсенділігіне қатысты осы сандық көрсеткіш соңғы шындықты көрсетпейді. Дегенмен сараптама жалпы мәжілістің және ондағы фракциялардың қызметі туралы жүйелік және құрылымдық-функцияналды сипатына қатысты ақпарат береді.

 

Пердехан ШӘМШИЕВ,  сарапшы

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала