Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

КӘРІМ МӘСІМОВ ОРНЫНДА ҚАЛДЫ

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өткен.

Жиында  сенаторлар Кәрім Мәсімовті ҰҚК төрағасы қызметіне қайта тағайындауға келісім берген. Себебі, ҰҚК төрағасын қызметке тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде «К.Мәсімов  істеген жұмыстарының барлығында өзін принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер, өз жұмысы мен Отан алдындағы борышына адалдығын көрсетті», - деді.  Депутаттар болса, Кәрім Мәсімовті ҰҚК төрағасы етіп тағайындау туралы  ұсынысын бірауыздан қолдап дауыс берді.

 

 

Суреттер: parlam.kz, sputniknews.kz сайттарынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала