Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

МЮНХЕНДЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТІП ЖАТЫР

Қазақтардың кіші құрылтайының негізгі тақырыбы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының ережелері контекстінде ынтымақтастықты дамыту болып отыр.

Құрылтайдың бірінші күніЕуропа елдеріндегі (Швеция, Германия, Франция) қазақтар қауымдастықтарының басшыларымен өткен кездесуде алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

Кіші құрылтайдың ресми ашылу шарасы аясында«Отандастар қорының» жүзеге асырып жатқан «Мәдени-іскерлік үйі» Қазақ үйі» жобасы кеңінен таныстырылып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тарапынан дайындалған бейнебаяндар көрсетілді. 

Құрылтайдың спикерлері қатарында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов, Европадағы Қазақ қауымдастықтарының және Швецияда Қазақ қауымдастығының төрағасы Мұрат Ермиш бар.Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков өз сөзінде: «Бүгінгі Еуропа жерінде өткізіліп отырған Кіші Құрылтай ұлттық «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына өзіндік үлес қосады деп сенемін. Бұл әлемдік қауымдастыққа қазақ ұлтының бірлігін және Қазақстан Республикасының шет елдерде тұратын қазақ диаспораларына ерекше қолдауы мен қамқорлығын көрсетеді»-деді.

Ұлттық бірегейлікті сақтауға, қазақ диаспорасына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және шетелде тұратын этникалық қазақтарды шоғырландыруға жәрдемдесу мақсатында «Отандастар қоры» мен Еуропадағы қазақ мәдени орталықтарымен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Олар:

  • Швецияның Қазақ Ассоциациясы мен «Отандастарқоры» КЕАҚ  арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;
  • Германиядағы қазақтар қауымдастығы мен «Отандастарқоры» КЕАҚ қоры арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;
  • Люксембург «KazakhstanLuxembourg Cooperation a.s.b.l» қазақ қоғамы мен «Отандастарқоры» КЕАҚ арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;
  • Кельн қазақ мәдени орталығы мен «Отандастарқоры» КЕАҚ арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;
  • ҰлыбританияҚазақ ұлттық-мәдени бірлестігі мен «Отандастарқоры» КЕАҚ арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;
  • Венадағы қазақ қоғамы мен «Отандастарқоры» КЕАҚ арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум;
  • Франция қазақ мәдени орталығы мен «Отандастарқоры» КЕАҚ арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум.

Сонымен қатар, Құрылтай аясында Еуропадағы қазақ мәдени орталықтарыныңқызметтерін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, Шетелдегі қазақтарға арналған білім алу бағдармалары және «Отандастар қорының» мәдени-гуманитарлық жобаларының таныстырылымы болып өтті.Құрылтайдың келесі күндері Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының таныстырылымы, жастармен бейресми кездесу, бизнес форум және дәстүрлі футбол турнирі өткізіледі.

Жалпы, кіші құрылтайдың жұмысына қазақ диаспорасының 100-ден астам өкілі, сондай-ақ, Қазақстанның мәдениет қайраткерлері мен кәсіпкерлері қатысуда.


 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала