Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БҮГІН ӘЗІРБАЙЖАН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 101 ЖЫЛ БОЛДЫ

Бүгін Әзірбайжан демократиялық республикасының құрылғанына 101 жыл болды. Бұл күн бауырлас елде ұлттық мереке – Республика күні ретінде аталып өтеді.

1918 жылғы 28 мамырда халықтың дауыс беруімен уақытша Ұлттық кеңес құрылып, оның басшысы болып сайланған Мамед Эмин Расулзаде, Әзірбайжан Демократиялық Республикасының (ӘДР) тәуелсіздігін жариялаған еді. Шығыстағы мұсылман елдері арасында құрылған алғашқы демократиялық республика әйелдерге де дауыс беру құқығын берді. Дәл сол күні  Тәуелсіздік декларациясына қол қойылды. Парламенттік республика барлық мемлекеттік институттарды құрып, өз қарулы күштерін жасақтап, шекаралас мемлекеттерде елшіліктерін ашып, дипломатиялық байланыстар орнатып үлгерді. Бар-жоғы 23 ай ғана өмір сүрсе де Әзірбайжан демократиялық республикасы демокртаиялық құндылықтарды басшылыққа алған, барлық құрылымын қалыптастырған  ел ретінде тарихта қалды. 1920 жылдың сәуір айында большевиктер Бакуге шаубыл жасап, мемлекетті ыдарытты. Орнына Әзірбайжан ССР-і құрылып, Совет Одағының құрамына енді. Кеңес Одағының құрсауынан шыққан бауырлас ел 1991 жылы Тәуелсіздігін жариялады. Әзірбайжан демократиялық республикасының құрылғанына 101 жылдығын орай бүгін президент Ильхам Әлиев Бакудегі  Әзірбайжан демократиялық республикасына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, ұлттық әнұран асқақтады.     

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала