Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ЕЛБАСЫ ҚЫРҒЫЗ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨҢІРІНЕ "ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ—ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ" ОРДЕНІН ТАҚТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен кездесу кезінде бауырлас елдің басшысының кеудесіне   «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін таққан. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас екі халық арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Біз – бір-бірімізге жақын, бауырлас халықпыз. Мен Сіздің еліңізді жақсы білемін. Қазақстанның алдағы уақытта да Сізді қолдайтынына сенімдімін, – деді Елбасы.

Сооронбай Жээнбеков жоғары марапат тапсырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Елбасының Орталық Азия халықтарының достығын нығайту ісіндегі ерекше рөлін атап өтті.

– Сіз Түркі әлемінің көшбасшысы саналасыз. Сіз Орталық Азия елдерінің достығын нығайту ісіне зор үлес қостыңыз. Мен үшін қазақ халқының Елбасысынан орден алу зор мәртебе. Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қырғыз Республикасының Президенті. 

 

 

 

суреттер akorda.kz сайтынан алынды

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала