Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ МАҚСАТ: 10 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР

Қазақстан мен Түркия өзара сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізуге ниетті. Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлы өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына да жазды.

«Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі, досым Бейбіт Атамқұловпен Ортақ стратегиялық жоспарлау тобы жиынын жемісті, нәтежелі болатындай деңгейде өткіздік. Мақсатымыз — сауда айналымын алдымен 5, кейін 10 миллиард долларға жеткізу» деп жазды. Ал Бейбіт Атамқұлов болса, Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы осы жылдың алғашқы тоқсанында 632 миллион долларды құрағанын мәлімдеді. Бірақ, бауырлас елдер алға үлкен мақсат қойып отыр. Оған жететіндей әлеует те бар. Сонымен қатар, Түркияның Сыртқы істер министрін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Мевлүт Чавушоғлу астанаға стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен топтың бесінші отырысына қатысуға арнайы келген болатын. Жиын табысты өтіп, әріптесі Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов екеуі кеңестің қорытындыса бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын да өткізген болатын. Бір жағы, осы жылы қос мемлекеттің екі жақты қарым-қатынастарының стратегиялық деңгейге көтерілгенінің 10 жыл толып отыр. Екі жақ та арадағы инвестиция көлемін нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді. Мевлүт Чавушоғлу сонымен қатар, Қазақстандағы билік транзитін жоғары бағалайтынын, Түркі әлемі ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметі ерекше екенін білдірді.   

 

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала