Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ӘЗІРБАЙЖАН ЕЛШІСІ KAZGUU UNIVERSITETINDE ДӘРІС ОҚЫДЫ

Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıtetinde қонақ ретінде шақырылып, арнайы дәріс оқыды.

Бауырлас елдің дипломатия миссиясының жетекшісі Әзірбайжан Республикасының дипломатиялық қызметінің жүз жылдығына қатысты сонымен қатар, Қазақстан мен Әзірбайжанның қарым-қатынастарына байланысты мол мағлұмат берді. Әзірбайжан елшісі алдымен туыс халықтың терең тарихына тоқталып, мемлекеттіліктің бастауы қадым заманнан бері келе жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, бертінгі тарихты түсіндірген ол өткен жылы 100 жылдығы кең көлемде мерекеленген Әзірбайжан Халық Респубуликасының (ӘХР — 1918-1920-ші жылдары) тағылымды да тағдырлы тарихын жан-жақты баяндады. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары жалпықалықтық лидер Гейдар Әлиев пен Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың бауырлас елдер арасында орнатқан берік байланысын қазір қос президент Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев жемісті жалғастырып жатқанына нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ Елші Рашад Маммадов студенттердің сұрақтарына да жауап берді. Дәріс соңында Әзірбайжан Халық Респубуликасының соңғы күндерінен сыр шертетін “Соңғы сессия” деп аталатын фильм көрсетілді. Сонымен қатар, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала