Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ЛӘЗЗАТ СҮЙІНДІК АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды. Ол бұдан былай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің Ақпарат комитетін басқарады. Бұған дейін аталаған министрліктің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеп келген болатын.

 

Ләззат Кеңесқызы 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін және Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін тәмамдаған, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты.

2005 жылы ҚР Жастар конгресінің қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері болып жұмыс істеді.

2005-2006 жж. - «Парасат» ақпараттық-талдамалық орталығы» ҚБ бас маманы.

2006-2008 жж. - Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.

2008-2014 жж. - Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарды.

2014-2016 жж. - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Электронды БАҚ басқармасының басшысы.

2016 жылы 4 шілдеде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала