Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ОРТАҚ САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Түркі Сауда-өнеркәсіптік палатасының жарғысына Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов, Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары одағының президенті Р. Хисарджыклыоғлы, Әзірбайжан кәсіпкерлер ұйымдарының ұлттық конфедерациясының президенті М. Мусаев және Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті М. Шаршекеев қол қойды.

Жаңа ұйым бауырлас елдердің экономикалық интеграциясы мен ынтымақтастығына соны серпін берері сөзсіз. Қазіргі кезде түркі әлемінің экономикалық әлеуеті өте күшті. Түркі елдерінің ЖІӨ жалпы көлемі $1 трлн-нан асатын болса, халқының саны 150 млн-нан асады екен. Яғни бауырлас елдердің жыл сайынғы импорттайтын өнімі $260 млрд-тан асады. Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин Түркі палатасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өңірлік дамуды нығайту мақсатында құрылғанын атап өтті. Жалпы, түркі елдері көптеген бері құруды көксеп жүрген ұйым араға жылдар салып барып жүзеге асты. Ұйымның бас кеңсесі Түркияда болады. Тараптар басшылық тағайындау мен жарғылық мәселе, жұмыс істеу тетіктерін көп ұзатпай шешуге уағдаласты.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала