Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ОРТАҚ САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

 

Түркі елдерінің іскерлерін біріктіретін құрылымның құрылатын мезгілі жетті. Ертең елордада Түркі сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы жарғыға қол қойылады. Салтанатты шара Астана экономикалық форумы аясында Түркі кеңесі хатшылығы мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі  ұйымдастыратын түркітілдес елдердің іскер кеңесінің отырысы шеңберінде  жүзеге асады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің төрағалығымен өтетін жиынды Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев жүргізеді. Маңызды шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мен Қырғызстанның кәсіпкерлік палаталырының басшылары, іскер топ өкілдері,  сонымен қатар, Қазақстандағы туыстас елдердің елшілері қатысады.

Нұр-Сұлтан қаласында Түркітілдес елдердің ортақ сауда-өнеркəсіп  палатасы құрылды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала