Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

ЕЛДЕГІ ІРІ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ БІРІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА КЕҢСЕСІН АШТЫ

Көріністер: 92

«Yıldırımholding» тобытек Түркияның өзінде 11 салада жұмыс істейді, шамамен 14 мың жұмысшысы бар ірі компания. Негізінен теңіз секторы, кенорны мен химия, логистика секілді салаларды қолға алған. Орталығы Ыстамбұлда болғанмен,әлемнің 21 елінде инвестициялары бар. Қазақстан ең көп қаржы құйған елдер қатарына кірген.

Қазақстанға 2014 жылы Ақтөбедегі Восход кен орнына «Восход Oriel» ЖШС тау-кен байыту комбинатын алу арқылы келді. Содан бері табысты жұмыс істеуде. «Восход Oriel» ЖШС жобасының басшысы Реджеп Унал Қазақстандағы инвестициялық ахуалдыңжақсы, инвесторларға болса, жағдайжасалғанын айтады. Сондықтан компанияның Басқару кеңесі Қазақстанға инвестицияны еселеуге шешім қабылдапты. Алдағы уақытта ірі жобалар жалғасын табатын болғандықтан, компания басшылығы Қазақстанның елордасында өз кеңселерін ашуды ұйғарыпты.

Кезекті инвестиция Жамбыл облысындағы калций қосылған сода өндіру жобасына құйылған. Ол Қазақстанның ішкі сұранысын өтеп қана қоймай, шетелге де шығаруға жол ашатын ауқымды зауыт болмақ.«Бүкіл инвесторлардың мақсаты пайда табу, пайдасыз жерге олар баспайды. Десе де, біздің«Yıldırım holding» тобы әр барған жерінеде өзінің пайдалы болғанын қалайды. Атап айтқанда, сол елдің заңдарына мойынсұнып жұмыс істеп, салықтарын уақытылытөлейді. Біз алғаш келген жылдан-ақ«Восходтағы» компаниямыздың салық төлеуі екі есе артты. Тіпті, өз саламызда салық төлеу бойынша бірінші орынғашықтық.Тағы бір мақтана айтар дүниеміз, біз барған жерімізде тек жергілікті азаматтарды ғана жұмысқа аламыз. Мәселен, «Восход Oriel» ЖШС тау-кен байыту комбинатында шамамен мың адам жұмыс істейді. Түркиядан екі-ақ кісі келдік. Қалғаны түгел Қазақстан азаматтары. Сонымен қатар, жоғары технологиямен жұмысістеудеміз»-дейді «Восход Oriel» ЖШС жобасының басшысы Реджеп Унал.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала