Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҰШАҚТАР ЫСТАМБҰЛ МЕН НҰР-СҰЛТАН АРАСЫНДА КҮНІНЕ ЕКІ РЕТ ҚАТЫНАЙДЫ

Маусым айынан бастап ұшақтар Ыстамбұл мен Нұр-Сұлтан арасында күніне екі рет ұша бастайды. «Эйр Астана» әуе компаниясы рейстер санын арттырып қана қоймай, ұшақтарын бұдан былай аптасына 5 күн емес, 6 күн ұшырмақ. Бұл туралы  ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  Ал «Turkish Airlines» әуе компаниясы шілденің басынан бастап Нұр-Сұлтан мен Ыстамбұл арасындағы рейстер санын аптасына 5 күннен 7 күнге арттырмақ. Бұл елорда мен Ыстамбұл бағытындағы рейстер санын 11-ден 13-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай игілік бауырлас елдер байланысын тіпті арттырары сөзсіз.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала