Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БҮГІН ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ҰЛТТЫҚ КӨШБАСШЫСЫ ГЕЙДАР ӘЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІ

Бүгін түркінің тау тұлғасы, Әзірбайжанның ұлттық көшбасшысы әрі бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің туған күні. Бұл күнді әзірбайжандықтар еске алып, ерекше атап өтеді. Бакуде ең алдымен Гейдар Әлиевтің қабіріне гүлдестесі қойылады. Тағзым ету шарасына президенттен бастап билік өкілдерінің барлығы, сонымен қатар, ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің отбасы мүшелері де қатысады. Қазақстандағы бауырлас елдің елшілігі де ұлт лидеріне арналаған шараны елордада жоғары деңгейде ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Ұлттық көшбасшылардың Тәуелсіз мемлекет құрудағы рөлі» тақырыбында тағылымды конференция өтті. Алқалы жиында Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов және белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері сөз алып, тақырыпқа қатысты толымды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Әзірбайжанның жалпыұлттық лидерінің туғанына 96 жыл толуына арналған шарада Гейдар Әлиевтің өмірбаяны мен саяси тұлғасы және қайраткерлік қырынан сыр шертетін фотокөрме жұртшылықтың назарын аударды.    

   

Бір қызығы, бұл күні Баку қаласында «Гүлдер мерекесі» шарасы дәстүрлі түрде өтеді. Сонымен бірге, ұлттық көшбасшының туған күні қарсаңында  елдің барлық аумағында «Гейдар Әлиев мектебі» деп аталатын дәстүрлі сабақтар мен тақырыптық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, әр түрлі жиындар, шаралар өткізіледі. Жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің өмірі мен қызметі, қайраткерлік болмысы мен тарихи шешімдері сабаққа арқау болады.   

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала