Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН ҮМІТТІ 9 АДАМ КІМДЕР, ЖАСТАРЫ НЕШЕДЕ?

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс  сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды. 9 маусымда болатын аламанға қатысу үшін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар атынан ұсынылған 9 үміткер кімдер?    

 

 

Орталық сайлау комиссиясы баспасөз хабарламасына сай, Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігі анықталған төрт кандидат қазіргі уақытта өз қолдауына қолдарын жинайды. 12 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 118 140 қол жиналуы қажет. Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.

Қол жинаудан басқа кандидаттар қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 12/236 нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  бірлескен бұйрығына сәйкес денсаулық жағдайын медициналық куәландырудан өте алады, сондай-ақ зайыбымен немесе жұбайымен бірге тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

Кандидаттарды тіркеу кезеңі 11 мамырда сағат 18-00-ге дейін жалғасады.

Ал енді 9 үміткерлерге барынша тоқталып, олар туралы бар мәліметті тізбектеп көрейік.

 

1. Түгел Сәді-Бек, 64 жаста

1955 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Амангелді ауылында туған.

Оны 2019 жылы 17 сәуірде "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

 

1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді.

1980 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін «журналист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады. Екі жыл Алматы қаласындағы мақта-мата иіру фабрикасында слесарь болып жұмыс істеді. 1977-1978 жылдары аудандық «Өркен-Расцвет» газетінде аудармашы, 1979 жылдары Ұлан аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1979-1984 жылдары аудандық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, 1984-1988 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.

1988-1990 жылдары Жоғары партия мектебінде екі жыл күндізгі бөлімінде оқып, «политолог», «социолог» деген мамандықтарға ие болды. 1990-1992 жылдары аудандық бақылау комитетінің төрағасы және басқа да жауапты қызметтерде болды. 1992-1994 жылдары «Ұлан Таңы – Уланские Зори» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. 1994-1998 жылға дейін Алматы қаласында «Қазақстан Телевидениесі мен Радиосы» корпорациясында жауапты қызметтерді атқарды.

1998 жылдың басында Жаңа Елордамыздың тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Саясаттанушы ретінде 2001 жылдан 2002 жылға дейін Республикалық Халықтық-патриоттық «Менің Қазақстаным» қозғалысының төрағасы болды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық Баспасөз Орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2005 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бөлім меңгерушісі болды.

2004 жылдан бері ҚР Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының 1-ші вице-президенті, Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті. ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Құрметті азаматы. ҚР-ның мәдениет қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2003–2005 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпаратпен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір ҚР Ұлттықат спорты түрлері федерациясыныңпрезиденті болып қызмет атқарады.

 

2. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, 65 жаста

1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған.

2019 жылғы 23 сәуірде "Nur Otan "партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынған.

1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істейді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының және осы партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.

Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.

Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады.

Ажырасқан.

Ұлы – Тимур.

 

3. Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы, 59 жаста

1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казтал ауданы Қушанкөл ауылында дүниеге келген.

2019 жылғы 24 сәуірде«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.

 

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы 1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы көлік құрастыру зауытында инженер-технолог болып бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда жұмыс атқарып, бизнес-құрылымдарда да еңбек еткен. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаты болған. 2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің төрағасы. «Құрмет» орденімен (2005 жылы), медальдармен марапатталған. Үйленген, екі баласы бар.

4. Еспаева Дания Мәдиқызы, 58 жаста

1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында дүниеге келген.

2019 жылғы 25 сәуірде "Ақ жол "Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Еспаева Дәния Мадиқызы 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Тұрмыс құрған, екі баласы бар. Алматы есеп-кредит техникумын (1982), Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген, Алматы қ-сы, (1993) (мамандығы «Экономист»). Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі (08.2008, 2012-2016 қайта сайланды), «Ақ жол» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат (05.02.2016), «Ақ жол» партиясынан VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап). «Құрмет» ордені (2011), ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, «Үздік қаржыгер» медальдарымен марапатталған.

5. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы, 54 жаста

1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

2019 жылғы 25 сәуірде "Ауыл "халықтық – демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

 

Төлеутай Рахымбеков 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген. Инженер-механик, заңгер мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылық институтын, Е. А. Бүкетов атандағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. ҚазҰҒА Академигі, экономика ғылымдарының докторы, құрылыс магистрі.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кіші ғылыми қызметкері, аспиранты болып бастады.

1987-1989 Ж. Ж. – "Сельхозтехника" Жаңаарқа АБ инженері, шебері, аға шебері, аға инженер-технолог»;

- Ауыл шаруашылығын электрлендіру ҒЗИ аспиранты;

- Жезқазған қаласында бірқатар коммерциялық құрылымдарды басқарды;

- Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары;

- Жезқазған мемлекеттік университетінің доценті;

2002-2006 жылдары-басқарма бастығы, АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды талдау және мемлекеттік реттеу департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, кеден-тарифтік саясат және ДСҰ департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын реттеу департаментінің директоры;

- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2007-2009 жж. - " ҚазАгроИнновация "АҚ президенті;

2009 ж. - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;

2009 ж. - ТКШ  "ҚазОрталығы" АҚ төрағасы»;

- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

2011-2013 жж. – "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ төрағасы»;

"ТКШ және құрылыс Ұлттық палатасы" ЗТБ басқарма төрағасы»;

"Атамекен" ҚР ҰКП Агрокомпаниялар орталығының директоры»;

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі;

2017 жылғы сәуірден шілдеге дейін-ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап "Қаржы" кафедрасының профессоры. С. Сейфуллин.

2019 жылдан бері «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы.  

"Құрмет" орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты (1999-2003). 2 медальмен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған. Үйленген. Жұбайы - Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы. Қыздары - Әлия (1987 жылы туған), Айбота (1996 жылы туған).

6. Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы, 58 жаста

1961 жылы 11 ақпанда Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.

"Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

 

ҚКХП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі

Депутат, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы жетекшісінің орынбасары

1961 жылдың 11 ақпанында Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке ауылында дүниеге келген

Білімі:  Целиноград ауыл шаруашылығы институты (1983)

                Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (1994)

Еңбек жолы: Қорғалжын совхозының механигі (1983); Қазақстан  Компартиясы Қорғалжын аудандық комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы (1987-1990); Қазақстан ЛКЖО АК бірінші хатшысы (1990-1992); Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімдігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1992-1994); Ақмола облысы Қорғалжын аудандық әкімдігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі (1994-1995);  Қорғалжын аудандық әкімдігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1995-1998); Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейінің взвод командирі, директордың әскери-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары (1998-2001); Аудандық білім беру бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері (2001-2005); Аудан әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы (2002-2005); 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің V, VI шақырылымының депутаты (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті)

Партиялық қызметі: ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі (2005-2007); ҚКХП ОК хатшысы; Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер (2011)

 

7. Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы, 54 жаста

1964 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы Арал ауданы Сапақ станциясында дүниеге келген.

"Ұлт тағдыры "Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы 1964 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы Сапақ ауылында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алған. 

1989 жылы университетті бітірген соң “Социалистік Қазақстан” газетінде тілші болып қызмет атқарған. 

1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет атқарған.

Әміржан Қосанов 1964 жылы Қызылорда облысы Сапақ ауылында дүниеге келген. Белгілі саясаткер. Негізгі мамандығы журналист. 1994-1997 жылдары Әкежан Қажыгелдин басқарған үкіметтің баспасөз хатшысы болды. 1998 жылы Қажыгелдин басқарған Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, 2005 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары қызметін атқарды.  «Азат» жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы болды.  2009 жылы ЖСДП мен Азат партиялары қосылды. Партия  басшылығында болды. Кейін  оппозициялық ұйымдардан көңілі қалған саясаткер ұлтшылдар қатарына  қосылды.  2018 жылдың  мамыр айында "Жаңа Қазақстан форумы" қоғамдық ұйымы құрылып, оған "Ұлт тағдыры", "Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры", "Болашақ" жастар қозғалысы тәрізді бірнеше қоғамдық ұйым бірікті. Әміржан Қосанов қазір аталған ұйымның мүшесі.

8. Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы, 52 жаста

1966 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.

"Қазақстан құрылысшылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігі 2019 жылдың 27 сәуірінде ұсынылды.

 

1966 жылы Целиноград облысында туған. Агротехникалық университетті бітірген, инженер-механик. Оқытушы болып жұмыс істеген және кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 

1991-1992 жж. – Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің оқытушысы, инженерлік-педагогикалық факультеті деканының орынбасары. 

1993-1999 жж. – сауда компаниясының директоры. 

1999-2002 жж. – Қарашағанақ кен орнында «АксайИнвестСтрой» компаниясының басшысы. 

2004 жылы «Стройкласс» ҚК ЖШС-ін құрған, жоба-менеджері. 

2010 жылдан бері «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Орталық кеңесінің өңірлік саясат бойынша хатшысы. 

2012-2016 жылдары бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2017 жылдан бері  "Қазақстан құрылысшылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.

Үйленген, үш баласы бар

9. Әлиев Жұматай, 66 жаста

1952 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.

"Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 26 сәуірінде ұсынылды.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 28 сәуірде ұсынылған.

 

1952 жылы 20 маусымында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ленинградтың мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, философ, экономист. Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі. 

Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік дәрігерлер институтында мұғалім болып еңбек еткен. 1977-1982 жылдары – ҚЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, ҚЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің екінші хатшысы, ҚКП Алатау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1982-1983 жылдары – Алматы қалалық сүт зауытында аға технолог-инженер, бас инженердің орынбасары. 1983-1997 жылдары – Алматы сәулет және құрылыс институтында аға мұғалім, Алматы мал дәрігерлік институтының әлеуметтік-экономика пәндері кафедрасының меңгерушісі, ҚазМАУ гуманитарлық даярлау орталығы басшысы. 1997-2001 жылдары – Орталық-Азия университетінің ректоры, президенті. 2001-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары. 2008-2012 жж. – Орталық-Азия университетінің қамқоршы кеңесiнің төрағасы, профессор, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы. 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжлісінің Депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

III, II дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.
 

 

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала