Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БИЛІК ПАРТИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІККЕ ҮМІТКЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде 9 маусымда болатын кезектен тыс Қазақстан Республикасы президенті сайлуына қосатын үміткерлерінің есімін жариялады.

 

Жиында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Президенттік өкілеттін тоқтатқалы бері бірқатар елдердің басшыларымен сөйлескенін, көпшілігінен әлі күнге дейін хаттар келіп түсіп жатқанан айтты.  «Солардың барлығы билікті берудің өзіндік үлгісін жүзеге асырып жатқанымызға құрметпен қарайтынын жеткізді. Ең алдымен, алдағы Президент сайлауы халқымызды биік мақсаттарға жұмылдыруға тиіс деп санаймын», -деді. Сондай-ақ оның сөзінше, «Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде  жоғары бағаланғанын білесіздер. Осы жаһандық құрылымда ол Бас хатшының орынбасары ретінде қызмет етті. Дипломатиялық жетістіктерімен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару  саласында мол тәжірибе жинады. Ол ел дамуының ең  күрделі кезеңінде  Қазақстан Үкіметін басқарды. Естеріңізде болса, 1998 жылғы  Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін  экономиканы қалпына келтіруге атсалысты. Қ.Тоқаевтың тікелей қатысуымен 90-шы жылдардың аяғы ме 2000 жылдардың басында бірқатар маңызды реформа жүргізіліп, ел экономикасын өркендетуге жол ашты» деді. Атап айтқанда, Қ.Тоқаев сол жылдары Елбасының  Ұлттық қор құру туралы идеясын толық қолдап, оның құрылуына атсалысқан. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі,  даму институттары осы кезде пайда болған. Әлеуметтік жаңғыру жолында алғашқы қадамдар жасалған. Жаңа зейнетақы жүйесі қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің жаңа заң шығару қызметіне мол үлес қосқан. «Осы жылдар ішінде ол маған сенімді серік болып, елімізді одан ары өркендеуге қатысты ұстанымымды қолдап келеді. Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп есептеймін», деді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала