Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ АЛҒАШҚЫ ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Сәдібек Түгел есімді азамат құжаттарын  ұсынған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде С.Түгелдің мынылар құжаттары ұсынылды:

1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынаың үзіндісі;

2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;

3. Өмірбаяндық мәліметтері;

4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;

5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.

 

Сурет sn.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала