Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ТҮРКІ КЕҢЕСІ БАС ХАТШЫСЫ МЕН ӘЗІРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ КЕЗДЕСТІ

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті бүгін Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады.

Бағдат Құлтайұлы Әзірбайжан лидеріне ұйымның қазіргі жұмысы мен былтыр Чолпан Атада өткен Түркі Кеңесі мемлекет басшылары саммитінде жүктелген міндеттердің орындалу барысын сонымен бірге, ұйымның күн тәрбінде тұрған негізгі мәселелер туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, Бас хатшы ұйымға мүше бауырлас елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыру жайына да кеңірек тоқталды. Атап айтқанда, Түркі Кеңесіне мүше елдердің шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау мақсатында Инвестициялық қор мен түркітілдес елдердің бірлескен сауда-өнәркәсіптік палатасын құру жайын баяндап берді. Тараптар бұның сыртында түркі интеграциялық құрылымдарын реформалау барысын да әңгіме етті. Сонымен қатар, биыл қазан айында Бакуде өткізу жоспарланған Түркі Кеңесіне мүше елдер басшыларының  саммиті мен ұйымның он жылдық мерейтойын атап өту тақырыбы да қозғалды.   

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала