Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Әзірбайжан мен Қазақстанның туризм саласындағы ынтымақтастығы артады

Бүгін Алматы қаласында «ІІ Қазақстан-Әзірбайжан туристік форумы» болып өтті. Шараның ашылуында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Алматыдағы өкілі Рамиль Рзаев, сонымен қатар "Rayda Tour Operator" туризм компаниясының жетекшісі Вероника Любченко сөз алды.

Қазақстанның туристік саласы туралы сөз қозғаған  Тимур Дүйсенғалиев бауырлас елдер арасындағы жаңа әуе рейстің ашылуына қатысты туризмнің де жаңа мүмкіндіктері ашылғанына айрықша тоқталды. Каспий теңізі турларының ұйымдастырылу әлеуеті мәселесіне де мән берді. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Әзірбайжан азаматтарының барыс-келісін арттыру «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының да назарындағы мәселелердің бірі екеніне тоқталды. Бұның сыртында ол 2017 жылдың 3 сәуірінде Қазақстанның бірінші президенті Н.Назарбаев мен Әзірбайжанның президенті Ильхам Әлиевтің кездесуінде де бауырлас елдер байланысын жаңа деңгейге шығару туралы айтылғанын еске салып өтті. 2018-2020 жылдарға арналған екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамытуға арналған жол картасында да басым бағыттардың белгіленгенін мысалға келтірген ол туризм де сондай  маңызы сала болғандықтан баса мән беріп, белсенділікті арттыратын уақыт келгенін ескертті.   

Одан соң сөз алған Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы  елшілігінің Алматыдағы өкілі Рамиль Рзаев Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадовтың құттықтау хатын оқып берді. Құттықтау хатта бауырлас елдерге әсіресе, туризм саласында ынтымақтастықты арттыру уақыт талабы екені айтылады. Өзара туризмді дамытуға ортақ тарих, тіл мен мәдениет мүмкіндік беретініне, байланысымызды арттыра түсуге туризмнің де маңызды рөл ойнайтынына тоқталған. Елшінің ойынша, Қазақстан да Әзірбайжан да үлкен туристік әләуетке ие. Елдер арасында аталған саланы бірігіп дамытуға барлық жағдай бар. Сонымен қатар, мұндай форумдар байланысты арттыруга жақсы мүмкіндік береді. Елшінің құттықтау хатында, сонымен қатар, 2 сәуірде Әзірбайжан ұлттық әу компаниясы “AZAL”-дың Баку-Алматы-Баку рейсін ашқаны, оның алда екі ел игілігіне қызмет ететініне сенетіні де жазылған.

Форум барысында сала мамандары сөз алып, тақырыпты жан-жақты талқылап, жаңа мүмкіндіктер мәселесін қарастырды. Мұндай жиын бауырлас елдердің туристік байланысын жандандырып, бір-бірімізге саяхат жасауға соны серпін берері сөзсіз.     

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала