Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ШЫҒЫСТЫҢ КӨКТЕМІ 


14 наурыз күні Отпантаудан басталған көрісу мерекесі Ұлыстың ұлы күніне ұласып, Наурыз мейрамы әлі жалғасын тауып жатыр. Мәселен, бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шығыс көктемі» атты фестиваль болып өтті.

Алдымен қонақтар шараға қатысып жатқан әр ұлттың арнайы дайындаған стендтерін көріп, ұлттық тағамдарынан дәм татып, мәдениеті туралы мол мағлұмат алды. Шығыс халықтарының жаңа жылы — Наурыз мерекесін тойлауға Әзірбайжан Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Иран Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Палестина мемлекеті және Ауғанстан Ислам Республикасы елшіліктері мен мәдени өкілдері келді. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қырғыз және өзбек этномәдени бірлестіктері де шараға атсалысты.

Одан соң «Шығыс көктемі» шарасына келгендер шығыс халықтарының өнерімен сусындады.

Өз кезегінді шараға құрметті қонақ ретінде келген елшілер арасынан бір-екеуі сөз алып, шығыстың жаңа жылы туралы ой толғады. Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедов болса, ортақ мерекенің ерекшеліктері мен көне мейрамның көптеген халықты біріктіретін қасиетіне айрықша тоқталды.

Шара барысынды  Қорқыттың қобызы да күңіреніп, белгілі қобызшы Әлқуат Қазақбайдың таланты жұртышылықты тәнті етті.

  

Суреттер enu.kz сайтынан алынды

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала