Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

31 НАУРЫЗ — ӘЗІРБАЙЖАН ҮШІН ҚАСІРЕТТІ КҮН

1998 жылдан бері 31 наурыз күні әзірбайжандарға қарсы жасалған геноцид күні ретінде аталып келеді. Бұның тарихы тереңде... Осыдан бір ғасыр бұрын яғни 1918 жылдың 31 наурызы күні армяндар Бакуден бастап, Шамахы, Губа, Күрдемір, Салиян және Ленкеран қалаларында ірі геноцит жасады.

Бір күннің ішінде Бакуде 12 мың әзірбайжандық өлтірілді. Кейбір деректерге қарағанда, бұл сан тіпті 25 мыңға жуықтайды. Тек қана Шамахы қаласында құрбан етілгендер сан 7 мыңға жеткен. Наурыз айында басталған бұл қанды қасап қыркүйек айына дейін созылды. Мәселеге Нури паша басқаратын Кавказ ислам жасағы араласқанға дейін жауыздық жалғасты. Бұл қанды қырғын барысында барлығы 50 мың әзірбайжан өлтірілді.

XVIII ғасырдың басынан бастап XIX ғасырда Кавказды отарлауға кіріскен патшалық Ресейдің басты мақсаты  — Әзірбайжан жерін қолға түсіру еді. Армяндар болса, орыстардың империялық пиғылын жүзеге асыруда құрал ретінде пайдаланылды. Олардың да арманы орыстардың Кавказ аймағын басып алуын пайдаланып өз «Үлкен Армениясын» құру әрекетін іске асыру болды.

Грузин текті Тситсянов Кавказды басып алу жоспарын жүзеге асыру барысында аталған аймақтағы армяндардан үлкен қолдау тапты. Осылайша, Әзірбайжан жерлерін отарлау басталды. Ал 1804-1805 жылдары Баку мен Нахчыванды басып алған Ресей империясы шекарасын Каспий теңізінен Қара теңізге дейін созды.   

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр бойы патшалық Ресей мен Кеңес Одағы қарамағында болған әзірбайжандар үнемі өз жерлерінде сүргінге салынып, өз жерлерінде құрылған армян мемлекеті кесірінен жерлерінен айырылу және этникалық қырғынға ұшырау проблемаларымен бетпе-бет келіп отырды. Шамамен 2 миллион әзірбайжан өлтірілді және туған топырағынан қоныс  аударуға мәжбүр болды. XIX ғасырдың басында патшалық Ресей дәуірі аяқталғанымен оларды төңкеріп, билікке келген большевиктер Ташнаксуциян жетекшілерімен ауыз жаласты.

Армяндардың Осман мемлекеті ішінде алауыздық тудырып, жаулап алушы орыстармен әріптестік орнатуы олардың Осман мемлекеті шекараларынан шығарылуына түрткі болды. Олар Ұлыбритания және Ресей мемлекеттері көмегімен ең құйқалы жер Батыс Әзірбайжанға орналасуды (қазіргі Армения) таңдады, және әзірбайжандарға қатысты түрлі айла-шарғы жасауға кірісті. 1918 жылдың наурыз айында орыс және ағылшын әскерлерінің көмегімен Үрмие, Ной, Салмас және Маку қалаларынан қырғынды бастап, мыңдаған оңтүстік әзірбайжандықтарды өлтіріп, «Үлкен Арменияны» құрғылары келді. Бұл ретте, аймақтағы күрд тайпаларымен әріптестікті арттырды. Алайда, армяндардың басшысы Маршимонды Исмайл Аға өлтірген соң олар оңтүстік Әзірбайжан жерінен шегінуге мәжбүр болды. Бірақ, кейін геноцид Ресей қолдауымен Солтүстік Әзірбайжанда жалғасты.

Ағылшын жазушысы Петер Хопкрик «Бітпейтін ойын» атты кітабында былай жазады: «Ағылшындар, немістер мен түріктердің Үндістанға баратын жолын кескісі келетін, армяндар Әзірбайжанның шығысы мен батысын басып қалғысы келетін, ал орыстар болса, Бакудың бай мұнайын иемденгісі келетін. Наурыз оқиғалары түріктерге қарсы күллі армяндардың біріккенін көрсетті».

1918 жылдың наурыз айында Бакуде жасалған қырғын Әзірбайжан халқы тарихында ең үлкен геноцит болып қалды. Бұл қанда қасап, сүргін саясаты Әнуар пашаның бауыры Нури паша бастаған Кавказ ислам жасағы аталған Осман әскерінің 1918 жылдың мамыр айында Әзірбайжанға келуі арқылы ғана тоқтатылды. Төрт айға созылған әскери іс-қимыл арқылы жауыздық аяқталды. Кавказ Ислам жасағы 1100 әскері мен 30 офицерінен айрылды. Қазір Әзірбайжанның әр жерінде аталған батырларға арналған белгілер орнатылған.   


Dr. Абил ИБРАХИМОВ

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала