Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ПРЕЗИДЕНТТІ ТАҚТАН ТАЙДЫРҒАН ЖУРНАЛИСТЕР

1970-жылдары АҚШ Президенті Ричард Никсон оппозициялық күштердің қызметін құпия тыңдаушы құралдың көмегі арқылы барлап келгендігін «Уашингтон пост» газетінің журналистері әшкерелеп, ол отставкаға кеткен.

2000 жылы Филиппин елінің бір топ журналистік зерттеушілері президент Жозеф Эстраданың жемқорлығын әшкерелеп, оны мерзімінен бұрын тақтан тайдырған. Шейла Коронела басқарған журналистер президент Ж. Эстраданың «құпия» дәулет-қазынасын сегіз ай бойы зерттеулерінің нәтижесінде газетте репортаждар циклі жарияланған. Президентке қарсы қозғалған сот ісінің басты негіздемесі, дәйекті дерегі – осы репортаждар болған. Бұдан сәл бұрын ондаған жылдар бойы Шығыс Азияда билік құрған диктатор генерал Сухортоны кетірген қозғалысқа журналистердің жанама әсері болған. Бразилияның «Жорнэл де Бразил» басылымы 1991 жылдан бері мемлекет пен үкіметтің жоғары лауазымды тұлғаларының билікті асыра пайдалану әрекеттерін әшкерелеу науқанын бастаған. Журналист М. Роша елдің экономика министрлігінің ақпараттық қорына компьютерлік жүйе арқылы еніп, әлеуметтік қорғауды қажет ететін төменгі топтарға арналған ақшаны президент Ф. Коллордың қайын жұртына таратылғанын әшкерелеген. Сонымен қатар, президенттің өзге де парақорлыққа қатысты істерін тапқан. Осылай басталған істі «Вежа» апталық журналы сәтті жалғастырып, Ф. Коллорды билік басынан тайдырған...

 

Қуандық Шамақайұлы, ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі журналист

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала