Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭКСПОРТТАУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ

Көріністер: 105

Kazakhexport Түркістан облысының экспорттаушыларын қолдауды күшейтеді. Аталған компания баспасөз қызметінің хабарлауынша,   "KazakhExport" ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков "Ұлттық экспорттық стратегия" мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысының экспортын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте облыс экспорттаушыларына қолдау көрсету көлемінің артқаны туралы хабарлаған.

Өңірдің жетекші экспорттаушыларымен кездесуде Руслан Искаков KazakhExport қаржылық қолдау құралдарын таныстырды. "Біз, экспорт географиясын кеңейтіп, өз бизнесін қажетсіз тәуекелдерден қорғауды жоспарлап отырған шикізат емес тауарлар мен қызметтерді өндіру бойынша кез келген қазақстандық кәсіпорынды қолдауға дайынбыз", - деп түсіндірді Руслан Искаков. Сондай-ақ, шекара маңындағы сауданы дамытуға және Түркістан облысының кәсіпкерлеріне тиімді экспорттық келісімшарттар жасауға KazakhExport өкілінің Өзбекстан Республикасындағы кеңсесі көмектеседі. Аталған кеңсе өз жұмысын 2019 жылдың наурыз айында бастағанын айта кеткен абзал.

Бүгінгі таңда "KazakhExport" Шымкент қаласы мен Түркістан облысының экспорттаушыларына АӨК, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібі мен машина жасау саласында сақтандыру қолдау көрсетуде. Экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы 43,7 млрд.теңгені құрайды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала