Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Түркі ынтымақтастық ұйымдарының реформасы талқыланды

Бүгін Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас
хатшысы Бағдат Әміреев пен Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов
кездесіп, Түркі ынтымақтастық ұйымдарын реформалау мәселелерін
талқылады. Түркі кеңесінің делегациясы Қазақстанға ұйымға мүше
мемлекеттердің кеден қызметтері басшыларының отырысына қатысу үшін
жұмыс сапармен келген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз
қызметі хабарлады.
Шолпан-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің 6-шы саммиті барысында
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі
ынтымақтастық ұйымдарын құрылымдық реформалау процесіне
бастамашылық етті. 
«Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі - қазіргі заманда рөлі
айтарлықтай артып келе жатқан бірегей халықаралық ұйым. Ұйымның
барлық мүшелері үшін Түркі кеңесінің беделі мен әлеуетін одан әрі нығайту
өте маңызды. Сондықтан Қазақстан Түркітілдес интеграцияның қазіргі
институттарын оңтайландыру және қызметтерін қайта форматтау мен
орталықтандыру бойынша нәтижелі жұмысқа үміттенеді», - деп атап өтті
Министр.
Өз кезегінде Б. Әміреев наурыз айының басында Абу-Дабиде өткен Ислам
Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) сыртқы істер министрлерінің 46-шы
сессиясы барысында Түркі кеңесінің ИЫҰ жанындағы бақылаушы
мәртебесін алуына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан СІМ
басшысына алғысын білдірді. 
Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Кеңеске мүше мемлекет басшыларының
уағдаластықтары мен тапсырмаларын іске асыру барысы туралы хабардар
етті. Ол Хатшылықтың ұйымды реформалау мәселесі бойынша мүше-
мемлекеттердің астаналарында белсенді консультациялар жүргізетінін
хабарлады. Сонымен қатар, жуырда бұл мәселе жөнінде Аға лауазымды
тұлғалар комитетінің кезекті отырысы өтеді. 
Бас хатшы Түркі кеңес мемлекеттері басшыларының Әзербайжандағы
саммитіне, Өзбекстандағы түркі мемлекеттерінің бизнес-форумына, сондай-
ақ салалық министрліктер мен ведомстволардың басшылары деңгейіндегі
бірқатар кездесулерге дайындық барысы туралы әңгімеледі. 
Сұхбаттасушылар мәдени-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру, баспа
және мұрағат қызметі туралы пікір алмасты.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала