Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БҮГІН — ҚЫРҒЫЗСТАНДА АҚ ҚАЛПАҚ КҮНІ

Бауырлас елге бара қалсаңыз көпшілігі бабалардан бері келе жатқан ақ қалпағын киіп жүреді. Қырғыз белсенділері 2011 жылдан бері бұл мерекені атап өтеді. Ақ қалпақ күнін тек  2016 жылы Жогорку Кенеш арнайы қаулы қабылдап, ресмм мереке ретінде бекітті. Содан бері ұлттық бас киім күні жыл өткен сайын бұқаралық сипатқа ие болуда. Бұл бауырлас елдің ұлттық бас киімге деген құрметі, ұлттық тарихқа, санаға, болмысқа деген ерен махаббаты болса керек.  Өздерінің айтуынша, айыр қалпақтың тарихы 700 жылдан асады. Жазда ыстық өткізбейтін, қыста басты жылы ұстайтын бас киім таулы аймақтың ауа- райына да қолайлы. Дәл осы мереке күні қырғыз бауырлар ақ қалпақтарын киіп жүруге тырысады. Тіпті биліктегілер мен Парламент депуттаттарын да ақ қалпақпен көрсеңіз таң қалмаңыз. Ал біздің еліміз де былтырдан бастап 1-шілдені «Ұлттық домбыра күні» ретінде атап өтетін болды. Президент Н.Нзарбаев аталған мерекеге қатысты арнайы қаулыға қол қойған болатын.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала