ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөзі Алматыда 10 мамырда өтетінін айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді. Алдағы келіссөз тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз», - деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингте. 

Еске салсақ, Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынғаны хабарланған еді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жақында жасаған сапарында осы елдер арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен.