Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

SPELLING BEE-ДІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДА ТАНЫМАЛДЫҒЫ АРТУДА

Қазақстанда америкалық мәдениеттің бір бөлігі болып саналатын Spelling Bee сайысына жыл сайын қызығушылық танытқан қатысушылар саны көбейіп келеді.  Аталмыш сайыс - Америка елінде 90 жылдан астам уақыт бойы  мектеп оқушылары қатысатын әйгілі шара. Сайысқа қатысушылардың міндеті - сахнада тұрып, жүргізуші айтқан сөзді емле ережелеріне сай дұрыс айту. Қиындық туғызатын ерекшелік - ол ағылшын тіліндегі көптеген сөздердің айтылуы мен жазылуының әртүрлі болуы.

 

Биылғы жылы қазақстандық студенттер ерекше белсенділік білдіріп, колледж бен жоғары оқу орындарынан 764 студент сайысқа қатысуға тіркелді. Бүгін Қазақстанның 13 облысынан келген 33 қатысушы Астанадағы Америкалық бұрышта жекпе-жекке қатысты.  Жеңімпаздар болып Рамазан Елтай - Астана, Нұргүл Адамжанова - Павлодар, Александр Лопухов - Астана, Арсен Алпысбай - Өскемен атанды.

 

Spelling Bee - АҚШ Дипломатиялық өкілдігінің Қазақстан Республикасы үкіметінің үштілді білім беру саясатын қолдауға бағытталып, ұйымдастырылатын және жастарға ағылшын тілін үйренуге ынталандыратын сайыс.

 

26-шы сәуірде Орталық Азиядағы Spelling Bee сайысы Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді. Сайыста Қазақстанның намысын төрт қатысушы қорғайтын болады.

 

Өткен жылы Қазақстандық студент Орталық Азия байқауында жеңіске жетті, ол Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан елдерінен келген 19 қатысушыларды озып жеңді. 2017 жылы Душанбеде өткен байқауда да қазақстандық қатысушы жеңіске жеткен болатын. Байқаудың мақсаты - ағылшын тілін дамыту және аймақтық деңгейде білім беру саласындағы ынтымақтастықты қолдау.

 

Суреттер: АҚШ елшілігінің ресми сайтынан алынды

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала