Алматы облысы 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Ulys.

Алматы облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте болған. 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды.

«Сабақ кезінде 4-сынып оқушысы өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.